Samsung Galaxy S4 таныстырылды

Samsung Galaxy S4 таныстырылды

Samsung компаниясы Нью-Йорк қаласында өткен презентацияда өзінің жаңа смартфонын - Galaxy S4-ті көпшілікке таныстырды.

Galaxy S4-дің көлемі мен дизайні алдыңғы модель - Galaxy S3-мен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған. Мәселен, жаңа смартфон алдыңғы телефоннан  бар болғаны 4 мм-ге ұзын және 2 мм-ге жалпақтау, бірақ, бір миллиметрге жіңішке және де әлемдегі ең жіңішке смартфон болып саналады.

Galaxy S4 дисплейінің диоганалі 5 дюйм. Бұл бұрынғы моделге қарағанда 0,2 дюймге үлкенірек. Телефон экраны Super Amoled технологиясы бойынша жасалынған және Full HD мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар, камераға да жаңартулар енген – негізгі камераның мүмкіндігі 13 Мп-ге артты, ал телефон маңдайшасындағы қосалқы камера 2 Мп болды.

Айта кетсек, Galaxy S4-ге  4.1.2 нұсқасына дейін жаңартылған Android  операциондық жүйесінің түрлі аспектілерін қамтитын бірқатар жаңа бағдарламалық қызметтер енгізілді. Нақтыра айтсақ, жаңартылған TouсhWiz интерфейсі құлыптан шығарудың жаңа анимацияға және бұғаттау экранынан қосымшалар ашу мүмкіндіктеріне ие болды.

Сондай-ақ, презентация кезінде Galaxy S4-ді оңай басқаруға байланысты қызметтер де көпшілікке таныстырылды. Атап айтсақ, Smart Scroll жүйесінің көмегімен, смартфон қолданушының экранда қай жерге қарап тұрғанын анықтап, көз бет соңына жеткенде автоматты түрде келесі бетке ауыстырады. Көзге әрекет ету мен мәтінді айналдыру жылдамдықтарын өзгерту мүмкіндігі жасалынған.

Көз әрекетіне байланысты тағы да бір қызмет бар. Ол - Smart Pause.  Аталған қызметтің көмегімен видео ойнатылуын тоқтатуға немесе экранға қарау арқылы оның көмескі жарығын өшіруге болады. Жаңа смартфон сәуір айының соңынан бастап әлемнің 155 елінде жаппай сатылымға шығады.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: rambler.ru

А. Құлтай