LG Optimus G смартфоны сатылымға шықты

LG Optimus G смартфоны сатылымға шықты

LG Optimus G смартфоны нарыққа сатылымға шықты. Телефон 4G LTE желісінде жұмыс жасауға арналған. Ол WXGA True HD IPS+ атты 4,7-дюймды және 1280x768 экранға ие. 

Гаджет ішіне 1,5 ГГц жиіліктегі және төрт ядролы Snapdragon S4 процессоры орналасқан. 2 ГБ оперативті және 32 ГБ тұрақты жады, 13 Мп және 1,3 Мп болатын камерасы бар.   

Смартфонның өлшемдері 131,9 x 68,9 x 8,45 мм болса, салмағы 145 грамм. Телефон ақ және қара түсті корпусты болып шыққан. Дүкендердегі бағасы - 125 000 теңге. Алдағы уақытта шығатын LG Optimus G2 смартфоны сегіз ядролы процессорға ие болады деген болжам бар.   

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: itc.ua 

Б. Қосмағамбет