iCoustic Wireless Bluetooth Guitar – Bluetooth-ды қолдайтын акустикалық гитара

iCoustic Wireless Bluetooth Guitar – Bluetooth-ды қолдайтын акустикалық гитара

Бүгінде Bluetooth технологиясы құрылғылардың бірнеше түрінде қолданылатыны белгілі. Ол жөнінде осыған дейін де қаншама рет жазып келдік. Бірақ, соның ішінде Bluetooth-ды қолдайтын гитара жөнінде алғашқы рет жазып отырмыз. 

iCoustic Wireless Bluetooth Guitar - сымсыз акустикалық жүйемен жабдықталған, жоғары сапалы гитара. Оның динамигі резонаторлық тесікте орналасқан. Осылайша, iCoustic музыкалық композицияларды смартфондар, планшет және тағы да басқа Bluetooth-бен жабдықталған құрылғылар арқылы ойнатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ гитараны сыртқы дыбыс үлкейткішке немесе комбикке жалғауға да мүмкіндік бар.  

iCoustic Wireless Bluetooth Guitar гитарасының дүкендегі бағасы 600 долларды құрайды. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadgetblog.ru

Б. Қосмағамбет