Геймерлерге арналған кофе-стол

Геймерлерге арналған кофе-стол

Surface Tension деп аталатын ағылшын компаниясы геймерлерге арналған кофе столын жасап шықты. Қарапайым кофе интерьері интернетке шыға алу және HD-форматта видео көру мүмкіндіктері бар ойын алаңына айналған.   

Құрылғының аты – Arcane Arcade Table екен. Құрастырушылардың пікірінше, эклектикалық стиль және шағын көлемі арқылы қандай да бір интерьерге сәйкес келе береді.  

Санды аппараттар ғасырында қарапайым ойын автоматтары өзекті емес. Сондықтан да Arcade Table толық мультимедиялық орталық болмақ. Ерекше кофе столы 2 ядролық Intel Pentium компьютерімен жабдықталған. Жылдамдығы – 4 Гб болса, оған қоса тіпті Wi-Fi адаптері мен DVD қызметі қойылған.

Ал ендігі кезекте техникалық мүмкіндіктерінен бөлек, қуатты аудиосистемасына назар аударыңыз (2х30Вт). Дизайны да ерекше, 26 дюйм болатын монитор мен мыңнан астам аркадалық ойын. Әрбір геймердің арманы! Достарыңызды жәй ғана кофе ішуге шақырып қана қоймай, пакмен ойнап қайтсаңыз да болады.  

Айта кету керек, құрылғыда геймерлердің сүйіп қолданатын МАМЕ эмуляторы да бар, сондықтан да ойын таңдауда ешқандай да қиындық болмайды. Қалаған ойыныңызды да жүктей аласыз.

Қарапайым тұрмыстық заттар мен ойын автоматтарын қосу идеясы жаңалық емес екенін айтайық. Woven қосымшасы да дәл осындай оймен жасалған болатын.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: econet.ru

А. Құлтай