PlayStation 4

PlayStation 4

Таяуда "Sony" компаниясы "PS 4" атты жаңа ойын консолын таныстырды.

Жаңа технология сегізядорлы "AMD" процессор, 8 Гб оперативті жады мен "AMD Radeon"-графикалық процессорға ие. Сонымен қатар "Blu-ray" қондырғысымен жабдықталған. Және замандық технологияның озық үлгісінде айта кетерліктей жаңалықтар бар: ойынның жадқа көшірілмей жатып-ақ іске қосылуы; ойын барысында әлеуметтік желілердегі тікелей көрсетілімдерді тамашалау; 

Сондай-ақ "PlayStation 4 Eye"-нің 3D-камерасымен жасақталған. Сол арқылы гаджеттің кеңістіктегі орны айқындалады. 

Болжам бойынша, сенсорлы панелге ие жаңа тауардың бағасы 400 доллар шамасында болмақ.

сурет:m.lenta.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига