Ұлыбританияда аяқ-киім телефондары шықпақ

Ұлыбританияда аяқ-киім телефондары шықпақ

Жақында британдық "О2" провайдер-қоғамы қоқыс-қалдықты қайта өндеп шығуға байланысты инновациялық жаңа жобаны таныстырып шықты.

Аталған бірлестік тұрмыстан қалған ұялы телефондарды қайта тігілген аяқ-киімдер секілді тұрмыстық қолданысқа жөндеп шығара бастаған. Нәтижесінде толықфункционалды винтажды аяқ-киім телефондар дүниеге келіпті. Әрине, байланыс құралы ретінде тұтына қою қиын. Дей тұрғанмен, шығармашылық еңбек ретінде сапалы көрінетіні анық.

Жыл сайын Ұлыбританияда 30 миллионға жуық мобильді аппараттар жасалып шығарылады. Және дәл сол уақытта көптеген ескі модель түрлері қоқысқа тасталып жатады. Ең жаманы сол, қоқысқа тасталған девайстар уытты заттарға толып келгендіктен, қоршаған ортаны ластауда айтарлықтай залал келтіру үстінде.

“Walkie Talkies” деген жаңа атау алып отырған аяқ-киім түрдегі девайстер "Hunter Boot Wellington", "Nike", "LG", "Nokia" секілді әйгілі брендтермен бір қатарда ойластырылып, дизайнер Шон Майлздың арқасында алдағы күндерде көпшіліктің ортасына жол тартпақ.

сурет:drunov.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига