Curiosity марстық тастарды зерттеп жатыр

Curiosity марстық тастарды зерттеп жатыр

Curiosity Марсқа аяқ басқалы бері алғаш рет планетадағы тастардың құрамындағы заттардың үлгілерін алды.

Марсоход үстіміздегі 2013 жылдың ақпан айының басында кішкене бұрғы арқылы марстық тастың бетін тесіп, шашылған шаңды корпусындағы зертханаға жиып алған болатын.

"Біз осылайша алғаш рет Марстағы үлгілерді порошок түрінде алдық. Бұл жердегі көпшілігіміз өміріміздің біршама бөлігін осы күнге арнадық. Осы күн үшін жылдар бойы жұмыс істедік", - деді Curiosity бұрғылау жүйесінің маманы Скотт Макклоски.

Ғалымдарды таң қалдырған нәрселердің бірі алынған үлгінің қызыл түсті емес, сұр болғандығы. Олардың айтуынша, қосылысты зерттеу нәтижесінде Марстың миллиард жыл бұрынғы халі туралы ақпарат алынуы мүмкін.

ва

Curiosity марсоходы. Компьютерлік графика

Естеріңізге сала кетелік, Массагет бұған дейін Curiosity (қызығушылық, білуге құмарлық - ағыл.) марсоходы Қызыл планета бетіне 2012 жылдың 6 тамызында келіп қонып, алғашқы қадамдарын 22 тамыз күні басқандығын айтқан болатын. Аппарат планетада 1 Марстық жыл (686 жер тәулігі) бойы жұмыс істейді деп жоспарланған. Марсоход сол уақыт ішінде планета климаты мен ондағы тіршілік белгілері туралы ақпарат жинайтын болады.

900 кг тартатын аппараттың бортында жалпы массасы 75 килограмм болатын зерттеу жүргізуге арналған құрылғылар бар.

Аппараттың түсірген фотосуреттерінен жасалған Марс бетінің панорамасын мына жерден тамашалай аласыздар: МАРС ПЛАНЕТАСЫ

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: digitaltrends.com, wikipedia.org

Massaget