LG Optimus-тың F5 және F7 модельдерін ұсынды

LG Optimus-тың F5 және F7 модельдерін ұсынды

LG компаниясы танымал "Оптимус" сериясының екі бірдей F5 және F7 модельдерін таныстырды. Олардың екеуі де бірдей 4G LTE желісінде жұмыс жасай алады. Нарықтағы бағалары әзірге белгісіз. 

Optimus F5 - 4,3’’ өлшемдегі дисплейге ие. IPS технологиясы бойынша жасалған ол 1,2 ГГц жиіліктегі, екі ядролы процессормен жабдықталған. Аккумулятор көрсеткіші - 2 150 мА*сағ. Ал LG Optimus F7 болса, оның экраны үлкенірек - 4,7 дюйм. Оған орнатылған екі ядролы процессоры да жылдамырақ - 1,5 ГГц. Аккумуляторы қуаты - 2 540 мА*сағ. Екі телефон да Android 4.1.2 операциондық жүйесімен жұмыс істейді. 

Optimus F5 ағымдағы жылдың екінші жартысында сатылымға шықса, Optimus F7 одан бір айға кешігіп дүкен сөрелерінен көрінетін болады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: engadget.com

Б. Қосмағамбет