AutoMee S – мобильді құрылғылар сенсорын тазалауға арналған гаджет

AutoMee S – мобильді құрылғылар сенсорын тазалауға арналған гаджет

Бүгінде робот техникалары тұрмысымызға біртіндеп еніп келе жатқаны белгілі. Жақында осындай роботтың тағы бір түрі таныстырылды. Оның басқалардан басты айырмашылығы - ол еденді тазалау немесе асхана жұмысын жасауға емес, смартфон және планшет бетін тазартуға арналғандығы. 

AutoMee S деп аталған гаджеттің өлшемі - 67х73х38 мм. Ал салмағы - 82 грамм. Қуатты AA типті батарейкасынан алады. Және ол үш сағат бойы үздіксіз жұмыс жасауға қабілетті. Гаджет смартфон бетін 4 минутта тазартып шығады. Ал планшет бетіне одан екі есе көп уақыт жұмсайды екен. 

Жапондық AutoMee S өнімі нарыққа 28-наурызда шығады. Оның дүкендердегі бағасы 17 долларды құрайтын болады. 


 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadgetblog.ru

Б. Қосмағамбет