Челябинскіде жарылған метеорит Қазақстанның үстінен ұшып өтті

Челябинскіде жарылған метеорит Қазақстанның үстінен ұшып өтті

Челябинск қаласының маңына метеорит түсті. Ғарыштық мониторинг құрылғылары атмосфераның төменгі қабаттарынан метеориттік жауын байқағандығы айтылып жатыр. Қостанай облысы ТЖД басшысы Евгения Батованың айтуынша, аспан денесі Қазақстанның үстінен ұшып өткен.

Маман жарық шашып көрінген шар Қазақстан аумағынан бүгін таңғы 9 шамасында көрінгенін айтты. Артынан инверсиялық із қалдыра отырып ол Челябнск облысының аймағына қарай кете барды.

"Ол Меңдіқара ауданынан көрінді. Содан соң метеоритті Қостанайдың солтүстік бөлігіндегі тұрғындар тамашалады. Шар Челябинск территориясында жерге 30 км жетпей аспанда жарылған. Аймақтағы үйлердің терезелері сынып кеткен деген ақпарат бар", - деді Батова.

 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: pikabu.ru

Massaget