Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Шолу / Дем ал - телефоныңды зарядта

Дем ал - телефоныңды зарядта

Дем ал - телефоныңды зарядта

Қазіргі кезде электр энергиясының тапшылығы адам баласының жаңа құрылғы ойлап табуына итермелеп отыр.  Күн өткен сайын адам баласы ойлап тапқан техникалық құрылғылардың тізімі үлкен қарқынмен өсуде. Бұған дәлел ретінде дизайнер және өнертапқыш  Жоао Пауло Ламмоглианың ойлап тапқан құрылғысын айтуға болады.

Итальяндық өнертапқыш Жоао Пауло Ламмоглиа ұялы телефондар мен гаджеттерді кез келген жерде қорек көзімен зарядтауға мүмкіндік беретін құрылғының болашақ үлгісін көпшілік назарына ұсынды. Бір мақалада біз сізді ұялы телефондар мен гаджеттерді судың көмегімен зарядтауға болатынтындығын айтқанбыз. Ендігі кезекте тағы бір қызықты техникалық жабдық. AIRE атты бұл зарядтау құрылғысының көмегімен гаджеттің ішінде  жел электр энергиясы туындайды. Оны кейін телефондарда, планшеттер мен  MP3 ойнатқыштарында қолдануға болады екен. Бұл құрылғының ең қызық жері, электр энергиясынан түрленетін жел адам баласы дем алғанда пайда болады. Адам баласының қиялында шек жоқ деп осыны айтсақ болады. 

"AIRE көмегімен электронды құрылғылардың толық зарядталғанын күтпесеңіз де болады. Кез келген жер мен кез келген уақытта іске қосып, пайдаланасыз. Адам баласы қозғалғанда, олардың мобильді құрылғыларының батареялары тез отырып, гаджеттердің жұмыс істеуі тоқтайды. Құрылғылардың батареясының заряд деңгейі төмен болса да, қолданушылар маңызды қоңырау немесе хабарламадан тыс қалмайды"- деді өнертапқыш өз сөзінде.

Болашақ құрылғыда желдің түрленуі үшін көптеген кішігірім жел турбиналары қолданылады. Ал құрылғының өзі бетке киетін маска түрінде орындалған. Суреттерден көріп отырғанымыздай,  маска адамның дұрыс дем алуына еш кедергі келтірмейді. Оны спортпен шұғылданған кезде не ұйықтап жатқан кезде де пайдалануға болады. Болашақта осындай  құрылғылар көптеп пайда болатын болса, электр энергияның тапшылығы туралы ұмытуға болады. Тек, ғарыш әлемінде жүргендей күй кешпесеңіз болғаны.


Суреттер: 3dnews.ru

Форумда талқылау

2385 15
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 02 наурыз 2012, 12:00
Пікірлер
+0
02 наурыз 2012, 12:43

болашақта сонда адам бірдеңе істеуден қалады десеңші ) дем алудың өзі зарядтайтын болса...

+0
02 наурыз 2012, 12:48

адам не істейді сонда?

+0
02 наурыз 2012, 13:42

аузына қасықпен тамақ тығу ғана қалды,

+0
02 наурыз 2012, 13:56

ахахх)))

+0
02 наурыз 2012, 13:58

айтпа, Қайр, болашақта мүмкін тамақтың өзі ұшып келер? )))

+0
02 наурыз 2012, 19:15

аха, ауызымызға лап етіп түседі деш))

+0
13 наурыз 2012, 16:51

Одан да қаламыз... Дамыған технологиялардың өзі киіндіріп, тамақтандырады!

+0
07 сәуір 2012, 17:15

шайнап беретіні шығар мүмкін бір күні :lol:

+0
07 сәуір 2012, 23:05

жұтқызатынмен бірге шықса екен :lol:

+0
02 наурыз 2012, 12:47

Енді тыныс алу арқылы телефоныңа да септігіңді тигізеді екенсің ғой

+0
02 наурыз 2012, 13:38

Тоқ жоқ па не?)))

+0
02 наурыз 2012, 13:38

"Галлактика" деген ұғым пайда болатын шығар.

+0
07 сәуір 2012, 17:04

Технологиялық прогрессия жұмыссыздыққа алып келуі мүмкін ба қалай ойлайсыздар

+0
08 сәуір 2012, 22:42

иә, ғылыми техникалық дағдарыс жақсылыққа әкелмит

+0
08 сәуір 2012, 22:39

Телефоныңыздың заряты бітіп қалса қаттты жүгіріп кеп ентігіп ентігіп заряттап аласыз :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...