Samsung Galaxy S4 дисплейіне қол тигізбей-ақ, қимылмен басқаруға болады

Samsung Galaxy S4 дисплейіне қол тигізбей-ақ, қимылмен басқаруға болады

Жақын арада жарыққа шығатын Samsung Galaxy S4 жаңа Google Android операциондық жүйесімен жабдықталатын болады. Одан бөлек, смартфонды дисплейге саусақ тигізбей-ақ, қолдың қимылымен де басқаруға болады екен. 

Сондай-ақ, смартфонға Eye Pause және Eye Scroll технологиялары да енгізіледі деген ақпарат бар. Яғни, бұл телефонды көздің қимылымен де басқара аласыз деген сөз.

Осыған дейін хабарланғандай, Samsung Galaxy S4 смартфоны 4,99 дюймды, 1920 x 1080 пиксельді, сенсорлы Super AMOLED дисплейімен, сондай-ақ 13 мегапиксельді камерамен жабдықталмақ. Құрылғыға тұңғыш рет 8 ядролы, 1,8 ГГц жиіліктегі Exynos Octa 5 процессоры орнатылатын болады. Оперативті жады 2 гигабайт, ал флеш-жады моделіне қарай 16, 32 және 64 гигабайт болмақ.


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: 4pda.ru

А. Құлтай