Nokia Asha 310 – екі SIM-карталы бюджетті телефон

Nokia Asha 310 – екі SIM-карталы бюджетті телефон

Nokia компаниясы бюджетті модельдерін тағы да бір жаңа Asha 310 телефонымен толықтырды. Оның бір ерекшелігі ол екі SIM-карталы және 400х240 пиксельді дисплеймен жадықталатын болады. 

Nokia Asha 310 телефонының жады бар болғаны 20 МБ-пен шектеледі. Бірақ оны көлемі 32 ГБ болатын microSD картсымен толықтыруға әбден болады. Трубкада 2 мегапиксельді камера орнатылады. Сондай-ақ ол сымсыз Wi-Fi және Bluetooth 3.0 технологияларымен жабдықталмақ. Аккумулятор оған күту режимінде 25 күнге дейін немесе 17 сағат сөйлесу кезінде қуатпен қамтамасыз ете алады. 

Nokia Asha 310 телефонына EA компаниясының 40 шақты ойынын тегін жүктеуге болады. Жаңа өнім сатылымға көктемнің аяғында шықпақ. Ал оның бағасы бар-жоғы 100 долларды құрайтын болады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

 сурет: technodaily.ru

А. Құлтай