Google хакерлер жарысына 3 миллион доллар тікті

Google хакерлер жарысына 3 миллион доллар тікті

Google компаниясы хакерлер жарысына 3 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржыны бөлгендігін жариялады. Google бұл ақшаны компанияның Chrome өнімін бұзған адамға береді.  Осыдан бұрын Google осындай жарыс түріне 1 миллион бәйге тіккен-ді, кейін 2 миллионға өсті. Ал бұл жолғысы тіпті де қомақты. Жарыс Канаданың Ванкувер қаласында өтпек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бәйге мөлшерін көбейтудің себебі, тіпті де көп адамдарды математика саласына, соның ішінде шеңбердің тұрақты иррационал санына болған құрметін арттыру екен. Сонымен бірге адамдарға қауіпсіздік шараларының күннен-күнге жақсы атқарылып келе жатқандығын дәлелдеу.

Chrome торшолғышын жасаушы маманның айтуынша, бәйге суммасын көбейтудегі мақсат Chrome-ның система қауіпсіздігін бұзып, оған шабуыл жасаудың дәстүрлі шабуыл жасау сияқты оңай болмайтындығын дәлелдеу.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: webplaneta.de 

M. Auelkhan