Арықтауға арналған вело-стол жасалды

Арықтауға арналған вело-стол жасалды

Компьютер алдында миллиондаған адам күнделікті отырып жұмыс жасайды. Денсаулыққа кері әсерін біле отырып, амалсыздан көнеміз. Ал Active Desk құрастырушылары отырып жұмыс жасайтын адамдарға керемет ұсыныс жасады. Ол – кеңселік веложаттықтырғыш.

Джим Мартин жасаған стол адамға күніне 300-ден 800-ге дейін каллорий жұмсайды.

Юта университеті Денсаулық колледжінің Дене шынықтыру және спорт кафедрасының доценті Джим бұған сенімді. 

Қазіргі уақытта Мартин вело-столды RocketHub интернет бетінде сату мәселесімен айналысып жатыр. Оның құны – 2 000 доллар.

 

Айта кету керек, толық күнді отырып өткізу адамның денсаулығын құртады. Медицина ғылымдарының докторы Джеймс А. Левиннің айтуы бойынша, компьютер немесе теледидар алдында 4 сағаттан астам уақыт отыратын адамдардың біразы жүрек-қан тамыр ауруларына шалдығады екен.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: hitech.vesti.ru

А. Құлтай