Asus екі экранды ультрабук шығарды

Asus екі экранды ультрабук шығарды

Тайваньдық Asus алдағы уақыттан бастап қос экранды ультрабукты сатылымға шығарады.

Жаңа ультрабуктың аты - Asus Taichi. Ол Windows 8 операциялық жүйесі бойынша жұмыс істейді. Бұл әлемдегі ноутбуктар нарығындағы ең ерекше девайс болып саналады.

Өзге планшеттерге қарағанда, Asus Taichi-тің басты айырмашылығы екі экранды IPS-дисплейі. Жаңа планшет 11,6 және 13,3 дюймды болып, екі түрде шығатын болады. Қарапайым планшеттерге қарағанда, бұл ультрабуктың артқы бөлігінде де экран орнатылған.

Компания қызметкерлерінің айтуынша, қолданушы ультрабуктың қай экранымен қолданғысы келетінін өзі таңдайтын болады. Артқы бөлігіндегі экран алдыңғы бөлігіндегі экрандағы барлық ақпараттарды да көрсетіп тұрады. Бұл түрлі іс-шараларда слайд немесе басқа да компьютерден көрсететін құжаттарды таныстыруда оңай болады дейді.

Дегенмен бұл планшет мамандардың айтуынша, тұтынушыларға тым ыңғайсыз екен. Біріншіден, екі экранды ноутбук әлі де болса тәжірибеден өтпеген. Екіншіден, бұл девайстың бағасы тұтынушылар үшін тым қымбатқа түсуі мүмкін. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: ko.com.ua 

Ю. НИКУЛЛИН