Sony 6,44 дюймдық фаблет шығаруды жоспарлап отыр

Sony 6,44 дюймдық фаблет шығаруды жоспарлап отыр

Жапондық ұялы байланыс девайстарын өндіруші Sony компаниясы Android операциондық жүйесі арқылы жұмыс жасайтын жаңа құрылғы шығаруды жоспарлап отыр. Жаңа телефонның ерекшелігі ол 6,44 дюймдық дисплеймен жабдықталмақ. Сонымен бірге, ол телефон мен планшет міндетін қатар атқармақ.

Жақында интернет беттерінде белгісіз дисплейдің суреттері пайда болған еді. Кейін компания мәлімдегендей, ол суреттер Sony компаниясына тиесілі екен. Нақтырақ айтсақ, суреттегі дисплей алдағы жақында жарыққа шығатын Togari фаблетіне қолданылатын көрінеді. Девайс бір қарағанда, Galaxy Note II немесе Huawei Ascend Mate телефондарына өте ұқсас. 

Әзірге белгілісі, девайсқа орнатылатын дисплей мүмкіндігі 1080 р болмақ.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: lenta-ua.net

Б. Қосмағамбет