HTC «телефонға арналған телефон» жасады

HTC «телефонға арналған телефон» жасады

HTC компаниясы HTC J Butterfly смартфонына арналған жаңа құрылғыны көпшілік назарына ұсынды. HTC Mini деп аталатын бұл құрылғы басқару құралы мен телефон тұтқасы қызметін атқаратын болады.

Аталған құрылғы арзан бағалы телефон секілді болып көрінеді: ол санды пернетақта, монохронды экран және «Қабылдау», «Болдырмау» батырмаларымен ғана жабдықталған. Сондай-ақ, құрылғы J Butterfly смартфонына Bluetooth арқылы жалғанады.

HTC Mini-дің көмегімен телефон соғып, хат жазуға болады. Алайда, аппараттың жеке ұялы телефон модулі жоқ. Сондықтан қолданушы тек J Butterfly-ға жалғану арқылы қоңырау шала алады.

Сонымен қатар, қосалқы телефон смартфонға пәрмен жібере алады. Мысалы, HTC Mini-ді ұстап тұрып, J Butterfly-дің камерасын іске қосуға не болмаса смартфондағы музыканы тыңдауға болады.

Ал егер J Butterfly теледидарға жалғанған болса, қолданушылар HTC Mini-ді теледидар басқаратын пульт ретінде де пайдалана алады.

J Butterfly  ұялы телефоны әлемнің көптеген елдеріне жеткізілгенімен, қосалқы телефон әзірге тек Қытай елінде сатылады екен.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: hi-tech.mail.ru, news.bigmir.net, vip.lenta.ru

Ж. FM