Windows 8 - үш есе қымбаттап кетті

Windows 8 - үш есе қымбаттап кетті

2013 жылдың ақпанынан бастап, Windows 8 операциялық жүйесін қондыру бұрынғыңға қарағанда 3 есе қымбаттамақ. Microsoft корпорациясы бұл операциялық жүйелердің сынаққа арналған соңғы нұсқаларын тексеріп шықты.

Windows Home қолданушылары қазірде бағдарлама қондыруға 40 доллар жұмсаса, ақпаннан бастап бұл қызмет үшін 120 доллар төлеуі керек болады. Ал Windows 8 Pro жүйесінің жаңартылуы 200 долларға дейін барады. Бұдан басқа, Windows 8 жүйесінің Developer preview, Consumer Preview немесе Release Preview деген preview-нұсқаларының (сыналатын нұсқалары) уақыты өтті. Енді қолданушылар 40 доллар төлеп соңғы нұсқасын орнатуы керек.

Еске сала кетсек, Windows 8 операциялық жүйесінің жер бетіндегі 140 елінде 2012 жылы 26 қазанда бастау алған еді. Жаңа жүйе 37 тілде таныстырылып, ең негізгі ерекшелігі болып сенсорлық дисплейлері бар құрылғыға арналған еді. Мұнымен қатар, компания Internet Explorer 10 браузерін шығары. Ал планшеттерге арнап аталмыш компания Windows 8 RT операциялық жүйесін жасап шығарды.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: entertainmenthungama.com

А. Құлтай