Apricorn Aegis Padlock DT: ақпаратыңыз сенімді "қолда"

Apricorn Aegis Padlock DT: ақпаратыңыз сенімді "қолда"

Егер сіз ақпаратыңызды бөтен көзден қорғап, оның еш жаққа тарап кетпеуін қаласаңыз, онда Apricorn компаниясының жаңа шығарған  құрылғысы көңіліңізден шығу керек.

Қазіргі кезде компьютерлік ақпараттың құны бірнеше миллион долларға жететініне еш таң қалмайтын болдық. Әрине, бұндай ақпаратты сенімді жерде сақтаған жөн. Aegis Padlock DT көмегімен ақпаратыңызды бөтен көз бен қолдан сақтай аласыз.

Өндірушінің сөзіне сенетін болсақ, бұл өнімде аппараты деңгейде AES алгоритмі негізінде жұмыс істейтін, деректерді автоматты түрде шифрлау функциясы жүзеге асырылған. Жоғарыда айтылған алгоритм 128 немесе 256 битті кілттерді толыққанды қолдайды. Бұған қоса, қатқыл дисктегі ақпаратқа қол жеткізу үшін құрылғыда шағын пернетақтасы бар PIN-кілт сөзін енгізу жүйесі орнатылған.

Компьютерге жылдам USB 3.0 интерфейсі арқылы қосылатын 1, 2 және 3 Тбайтты құрылғылардың өлшемдері 114,3 х 182,9 х 38,1 мм-ді құрап, сырты берік алюминимен қапталады. Бұған қоса құрылғының программалық құрамдас бөлігі болмағандықтан, бұл техникалық өнім кез келген операционды жүйемен: Windows болсын, Mac немесе Linux ОЖ болсын үйлесімді жұмыс істей алады.

Жоғарыда айтылған құрылғының сатылымы арнайы онлайн-дүкендерде осы жылдың ортасында басталмақ. 128 битті AES шифрлауды қолдайтын жады құрылғыларының бағалары $229 - $359 деңгейде болса, 256 битті нұсқалар үшін сатушылар $239 до $369 көлемінде ақша сұрайды.

Сурет 3dnews.ru 

Форумда талқылау