Polaroid бүлдіршіндерге арнап планшет шығарды

Polaroid бүлдіршіндерге арнап планшет шығарды

Polaroid компаниясы Android 4.0 базасында 7 дюймды жас балаларға арналған планшет шығарды.

Қарапайым планшеттерге қарағанда бұл планшеттің қалбыры резеңкелі. «Ата-аналық» бақылау бөлімі бар. Көптеген қосымша бағдарламалары орнатылған. Сондай-ақ «музыкалық орталық», «фоторедактор», «видеорталық» және сурет салуға арналған түрлі қосымшалар мен 10-нан аса ойыны бар екен.

Гаджет 480х800 кеңетілген экранды. 1 гигагерцті Cortex A8, 512 жүйелік блогымен, 8 гигабайтты ішкі жадымен жұмыс істейді. Сонымен қатар 2 мегапиксельді камера, SD-картаға арналған слот, Wi-Fi модулі және USB қондырғысымен жабдықталған.

Қазірдің өзінде планшет сатылымға шыққан. Polaroid интернет-дүкенінде бұл планшетті тапсырыс арқылы 149,99 долларға сатып алуға болады. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: 4pda.ru

Ю. НИКУЛЛИН