Surface Pro қаңтардың соңында сатылымға шығады

Surface Pro қаңтардың соңында сатылымға шығады

Microsoft - Surface Pro компаниясы шығаратын Surface Pro планшеті қаңтар айының соңында сатылымға шығатын болды.

Ертеректе Microsoft компаниясы шығаратын планшеттерінің құны қанша тұратын белгілі болған еді. Бірақ, ол планшеттер нарыққа қашан шығарылатыны құпия сақталған. CNet басылымының тілшілері Microsoft компаниясының сайттарына сілтеме жасай отырып, жаңа планшеттердің үстіміздегі жылғы қаңтар айының соңында шығатынын айтып отыр.

Мұндай ақпаратты кейінірек The Verge басылымы да өздерінің дереккөздеріне сүйеніп хабарлады.

Айта кетейік, Surface Pro планшетінің сатылымдағы бағасы $899 тең. Планшет Intel Core i5 және 1080p жүйелік блогымен және HD-дисплейімен жабдықталған. Surface Pro модельді плнашеті Windows 8 операциялық жүйесімен жұмыс істейді. Ал ертеректе Microsoft компаниясы ұсынған Surface RT планшеті Windows RT операциялық жүйесімен жұмыс істеген.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: forum.xcitefun.net

Ю. НИКУЛЛИН