Apple ұрлық деңгейін өсіріп жатыр

Apple ұрлық деңгейін өсіріп жатыр

Таяқтың екі ұшы бар. Қызды-қыздымен қауымды қызыққа кенелтіп жүрген Apple-дың абыройы бір-ақ сәтте төгілуі мүмкін. Себебі Нью-Йоркта соңғы 20 жыл ішінде құқық бұзушылық саны дендеп өсіп келеді. Қала полициясы мұның салмақты бір себебі Apple-дың шығуы деп отыр.

Әлемнің ең үлкен қалаларының бірі саналатын Нью-Йорк қаласында бір ғана iPhone смартфондарын ұрлау былтырғы жылмен салыстырғанда 9%-ға өсіпті. Полиция баспасөз өкілі Пол Браунның сөзіне сенсек, 2012 жылы тура 11 447 Apple гаджеттері ұрланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40%-ға көп деген сөз.

Бұған байланысты күзде құқық қорғау орындары арнайы акциялар өткізген екен. Мәселен, iPhone 5-тың шығу кезінде Apple Store дүкендерін полиция арнайы күзеткен екен. Бұдан басқа, құқық қорғау өкілдері смартфон ұрланған кезде өзге біреулер қолдана алмайтын қызметін қосуға көмектескен.

Жалпы алғанда, алып шаһарда адам өлтіру қылмысы азайған. Азайғаны сол – 414 адам өлтіру фактісі болып отыр. Бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 20,6%-ға аз деген сөз.

Сөйтіп, әлем назарындағы алпауыт қаланың абыройын Apple төгіп отыр...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: ebayimport.com

А. Құлтай