iPhone 5 берік емес болып шықты

iPhone 5 берік емес болып шықты

Соңғы Apple смартфонының әлдеқайда жіңішке әрі ұзын болып шыққандығы белгілі. Артқы панельдегі шынының орнын металл басқан еді. Құрастырушылар бұл өзгеріс телефонды иілмейтін әрі берік ететіндігін айтқан болатын. Дегенмен олай болмай шықты.

Смартфондарды құрастыруға қолданылған металл жұмсақ балқымадан құйылған. Осының себебінен смартфон деформацияға оңай ұшырайды. Бұл туралы nowhereelse ресурсының редакторы жазды. Қызметкер құрылғыны артқы қалтасына салып жүріп, телефонның бұл қасиетін байқаған.

Айта кетелік, көптеген қытайлық форумдарда да бұл мәселе кеңінен сөз болып жатыр.  iPhone 5-тің Қытай нарығына шыққанына 2 апта болса да, қолданушылар бұл олқылықты байқап үлгерген.

а

Массагет бұған дейін смарфонның жаңа моделі бұрынғы iPhone 4 және 4S-тен біраз өзгеше екендігін айтқан болатын. Құрылғының корпусының қалыңдығы 7,6 миллиметр. Яғни iPhone 4S-ке қарағанда 18 пайызға жіңішке. Артқы қақпағы бұрынғыша әйнектен емес, металдан жасалған. Дегенмен аздаған әйнек элементтер антеннаның жұмысын жақсарту мақсатында сол күйі өзгеріссіз қалған. Құрылғының салмағы - 112 грамм.

пр

Дисплей диагоналі 4 дюйм (101.6 мм), ал кеңейтілуі 1136 x 640 нүкте. Жаңа дисплейдің қанықтылығы 44 пайызға дейін өскен.

iPhone 5, сонымен қатар, 802.11n стандартындағы Wi-Fi желісімен жұмыс істей алады. Бұл оған секундына 150 мегабайт ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Смартфонның жоғарғы жылдамдықтағы LTE-желілерінде жұмыс істей алатын алғашқы iPhone екендігін де айта кетелік.

Аппаратта Apple A6 процессоры орнатылған. Қазіргі кезде Apple A6 компанияның мобильді құрылғыларында пайдаланылатын барлық процессорлардың ішіндегі ең өнімдірегі. Смартфон iOS 6 операциялық жүйесінде жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін гаджеттің АҚШ, Аустралия, Канада, Франция, Германия, Жапония, Оңтүстік Корея, Албания, Армения, Антигуа, Барбула, Багам аралдары, Бахрейн, Боливия, Бразилия, Венесуэла, Гренаде, Израиль, Индонезия, Иордания, Катар, Кипр, Қытай, Коста-Рика, Кувейт, Македония, Малайзия, Молдова, БАӘ, Панама, Парагвай, Тайван, Түркия, Филиппин, Черногория, Чили, Эквадор, Оңтүстік Африка және Ямайка елдерінде сатыла бастағандығын айтқан болатынбыз.

iPhone 5 Қазақстанда ресми түрде сатылып жатқан жоқ. Компания бұны елімізде ресми диллердің жоқтығымен түсіндірді. 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: hi-tech.mail.ru, Массагет мұрағаты