Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Шолу / "Астана Интернет Форумы - 2012". Шолу

"Астана Интернет Форумы - 2012". Шолу

22-23 желтоқсан аралығында "НұрОтан" ХДП, "Болашақ" ассоцияциясы, "WikiBilim" қоғамдық қорының қолдауымен, "Мінбер" журналистерді қолдау Орталығының ұйымдастыруымен Елордада тұңғыш рет қазақ тілді интернет саласы жанашырларының басын қосқан "Астана Интернет Форум 2012" шарасы болып өтті. 

Форумның басты мақсаты - қазақ тілді Интернет кеңістігіндегі сайттар, бағдарламалар мен жобаларды дамыту тетіктерін бірігіп талқылау және оларға қолдау көрсету. Сондай-ақ, қазақ тілді IT саласының қазіргі жай-күйі, кәсіпқой бағдарламашыларды дайындау мәселелері де назардан тыс қалмады.

Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен форумға Астананың қарлы бораны мен аязы еш кедергі бола алмады. Сонымен, 22 желтоқсан сағат 9:00 де алғаш рет ұйымдастырылып отырған Астана Интернет Форумы (АИФ) өз жұмысын бастап кетті.

2

Форумға қатысушылардың арасында Қазақстанның әр түкпірінен өз жаңалықтарымен келген қазақ тілді IT саласының мамандарымен қатар, қарапайым Интернет қолданушылары да болды. Олардың жалпы саны 160-тай адамды құрады. "Астана Интернет Форумына" құрметті қонақтар ретінде ҚР білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов, "НұрОтан" ХДП хатшысы Ерлан Қарин және "Мінбер" журналистерді қолдау Орталығының президенті Есенгүл Кәпқызы қатысып, жастармен өз тәжірибелерін бөлісті. 

1

Одан кейінгі кезекте спикерлер өз тақырыптарын көпшілікке таныстырды. Мысалы, Дінмұхамед Зиядин "Қазақ тілді жобаларды насихаттаудың маркетингтік жолдарын" қозғаса, Ербол Серікбай "Күнделікті сайт оқырмандарының санын қалай 30 000 адамға жеткізуге болады?" атты қызықты тақырыбын ашып айтты. Сонымен бірге, спикерлерден бөлек форумда қатысушылардың алып келген тың жобалары да көрсетілді.  

3

Форумның екінші жұмыс күні де бірінші күннің тәртібімен таңертең ерте басталып кетті. Жалпы бес сессиядан тұратын шараның соңғы екеуі осы күннің аясында өтті. Бұл күні форум қатысушылары спикерлер тарапынан жаңа толқын "Бұлтты технология" саласының мән-жайы, оның қазіргі кездегі рөлі мен "Ақпараттық қауіпсіздік" сияқты тақырыптарды тыңдады. 

7

IT саласының маманы Тимур Бектұр өз тақырыбын әйгілі Стив Джобс мәнерінде түсіндірді

98

Мамандар қазақ сайттарының ішінен "Массагет" порталының интерфейсы мен логотипін ең үздік деп атады

10

Қатысушылар залдағы экранға тікелей қосылған туиттер әлеуметтік желісі арқылы жаппай тікелей туит-репортаж жүргізіп отырды

Осылайша "Астана Интернет Форумына" берілген екі күннің соңы да аяқталды. Шара соңында қатысушылардың дауыс беруі нәтижесінде анықталған үздік жобалар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Форумды қорытындылаған ұйымдастырушылар мен қонақтар осындай жиындарды жиірек өткізіп тұруға уағдаласты. Солардың бірі алдымыздағы жылдың қаңтар айында өтетін "Қазақ сайттары редакторларының конференциясы" болып отыр. 

P.S Сонымен "Астана Интернет Форумы - 2012" шарасынан қорытып айтарымыз - форум қазақ тілді IT мен Интернет кеңістігінің үлкен қарқынмен дамып келе жатқанын көрсетті. Яғни қазақ Интернетінің болашағы зор, тек соны нарыққа сай, алдыңғы көштен қалмай тың жаңалықтармен дамыта берсек болғаны.

 

Астана қаласынан арнайы "Массагет.kz" порталы үшін: Болат Қосмағамбет

суреттер: ©Болат Қосмағамбет

578 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 24 желтоқсан 2012, 12:33
Пікірлер
+0
24 желтоқсан 2012, 11:08

Тфа-тфа, көз тимесін, қарқын қатты :)

+0
24 желтоқсан 2012, 16:05

иә, тіл көзден сақтасын!

+0
24 желтоқсан 2012, 11:11

форум жақсы ойластырылған екен. Стив Джобс мәнерінде :lol:

+0
24 желтоқсан 2012, 11:49

Қазақ тілді интернет жасаушылардың тәжірибе алмасуы, әлбетте, керек дүние.

+0
24 желтоқсан 2012, 11:49

Тамаша. Массагет сайыты Елорда назарында деп қойсайшы.

+0
24 желтоқсан 2012, 11:52

Біздікі әдемі расымен логотипті айтам да)

+0
24 желтоқсан 2012, 12:53

Өкінішке орай мен екінші күні форумға бара алмадым. Форумды ұйымдастырушылароға үлкен алғыс! Өзіме керек біраз мағлұматтар алдым...

+0
24 желтоқсан 2012, 12:54

Үздік жобаларды атап кетсеңіздер)))

+0
24 желтоқсан 2012, 12:57

Құтты болсын!!!

+0
24 желтоқсан 2012, 13:29

Осындай шаралардың көптеп болғаны дұрыс. Бір жағынан, қолдау, екінші жағынан үлкен игі іс

+0
24 желтоқсан 2012, 14:30

жеңістеріңмен құттықтаймын МАССАГЕТТІКТЕР!!! осындай жеңістер көп болғай

+0
24 желтоқсан 2012, 18:13

Керемет шара, қазнеттің дамуына үлесі тиеді!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы

Мен де адаммын!
Мен де адаммын!

Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын?

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...