"Samsung" 2013 жылы смартфонға арналған жаңа дисплейді таныстырмақ

"Samsung" 2013 жылы смартфонға арналған жаңа дисплейді таныстырмақ

"Samsung" компаниясы Лас-Вегаста өтетін "CES" көрмесінде смартфонға арналған иілгіш, созылғыш дисплейді көпшілікке таныстырмақ екен.

Халықаралық көрме қаңтардың 8-11 күндері өтетін болады. Аталған компания сол уақытта 1280-нен 720 пикселге рұқсат етілетін тығыздығы 267 пикселге пара-пар смартфонға арналған 5,5-дюймдік экранды таныстырмақ. Дисплейдің (мәтіндік және графикалық ақпаратты экранға шығаруға арналған компьютерлік құрылғы) бір айырмашылығы, қайда ұрып соқсаңыз да, ешқандай сызат түспейтіндігі. 

Сонымен қатар созылмалы жаңа дисплейге арнайы сенсорлы панель мен объективтің қақпағы жасалынып шығарылмақ. Бір айта кетерлігі, аталған кеште компания 55-дюйм экранды жаңа теледидарды да көпшілікке таныстыратын болады.

Естеріңізге сала кетсек, "Samsung" өзінің соңғы "Galaxy S III" смартфонын осы жылдың мамыр айында Лондонда ұсынған еді. 

сурет:3dnews.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига