Samsung 5-дюймды Galaxy Grand сматфонын таныстырды

Samsung 5-дюймды Galaxy Grand сматфонын таныстырды

Кореялық Samsung компаниясы кеше ресми түрде 5- дюймдық Galaxy Grand сматфонын таныстырды. Жаңа смартфон WVGA дисплейлі, Android 4.1.2 Jelly Bean қосымшасы бойынша жұмыс істейді.

Жаңа смартфонда 1,2 ГГц жүйелік блок пен 1 ГБ жады және де  артқы бөлігінде 8-мегапиксельді, ал алдыңғы бетінде  2-мегапиксельді камерасы бар. Сондай-ақ 8 ГБ өзінің жады microSD есте сақтау жүйесімен қамтылған. Wi-Fi, GPS және де басқа стандартты қосымшалардың барлығы да қосылған. Galaxy Grand смартфоны HSPA+ жүйесіне де қосыла алады.

Корейлік компания қызметкерлерінің айтуынша, Galaxy Grand екі нұсқада сатылымға шығады. Біріншісі, I9080 моделі. Бұл смартфон тек бір ғана SIM-картаға арналады. Екіншісі I9082 модельді сматфон екі SIM-карталық жүйеге лайықталған.

Сонымен қатар, Galaxy Grand Samsung сматрфондарында бар барлық Direct Call, Popup Video, Smart Alert және S-Voice секілді қосымша бөліктермен қамтамасыз етілген.

Жаңа смартфон сатылымға қашан шығатыны және бағасы қанша болатыны әлі белгісіз.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет:kurs.ru

Ю. НИКУЛЛИН