Apple жылдың үздік қосымша бөліктерін таңдады

Apple жылдың үздік қосымша бөліктерін таңдады

Жыл сайын Apple компаниясы iPhone және iPad тұтынушыларының үздік қосымша бөліктерін (приложения) анықтап келеді. Былтыр iPhone планшетінің үздік қосымша бөлігі ретінде Instagram мобильді байланысы таңдалған. Ал iPad-тың үздік қосымшасы ретінде  Snapseed бағдарламасы үздік атанған болатын.

Биыл Instagram Facebook желісінің үздік қосымша бөлігі атанса, Snapseed бағдарламасын Google компаниясы меншіктеп алды.

Осыған орай Apple компаниясы 2012 жылдың iPhone планшетінің үздік қосымшасы ретінде Action Movie FX таңдаса, Paper бағдарламасы iPad планшетінің үздік қосымшасы атанды.

Ал “The Room” ойыны 2012 жылғы iPad қолданушылары үшін үздік ойын болса, “Rayman Jungle Run” стратегиялық ойыны iPhone тұтынушыларының үздік ойыны ретінде таңдалды.

Сондай-ақ Apple компаниясы планшеттер үшін өтіп бара жатқан жылдың тегін және ақылы ең көп пайдаланылған бағдарламаларын да атады. YouTube-тің жаңартылған қосымшасы 2012 жылғы iPhone-ның тұтынушылары үшін ең танымал қосымша болған екен. Ал Angry Birds Space ойынын жүктеп алатын ойындардың ішіндегі ең қолайлы ақылы бағдарлама деп таңдады. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: yamobi.ru

Ю. НИКУЛЛИН