2013 жылы iPhone 5S смартфоны сатылымға шығады

2013 жылы iPhone 5S смартфоны сатылымға шығады

2013 жылдың жазынан бастап Apple компаниясы iPhone қолфонының жаңа нұсқасын сатылымға шығарады. Жаңа модельдің аты iPhone 5S.

Мамандардың айтуынша, жаңа iPhone 5S смартфоны мықты қуаттағыш, NFC технологиясы, жаңартылған камерамен Retina+ экранды болып шығады. Сонымен қатар 128 ГБ жады да болады.

Одан бөлек, iPhone 5S сатылымға 6-8 түспен шығады. Оның ішінде iPod touch секілді қара, көк, сары, қызыл түсті нұсқалары да шығады деп күтілуде.

Негізінен Apple компаниясы жылына бір рет қана жаңа смартфондар шығарып келген. Соңғы iPhone5 моделі сатылымға 2012 жылдың қыркүйек айында шықса, iPhone 4S 2011 жылдың қазан айында шыққан. Ал iPhone4 2010 жылдың шілде айында шығарылған болатын.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: iphone5.su

Л. Лига