Mac Pro енді Америкада құрастырылуы мүмкін

Mac Pro енді Америкада құрастырылуы мүмкін

«Алма» (Apple) компаниясының президенті Tim Gook алдыңғы аптаның дүйсенбісінде «Алма» компаниясы келер жылы 1 милиард доллар қаржы шығарып Америкада тек бір түрдегі Mac компьютерін жасау лениясын құратынын айтқан. Бірақ қандай Mac-тың құрастырылатыны жөнінде анық айтылмаған. Бірақ, енді бір ғана мүмкіндік бар секілді. Ол - Mac Pro.

Мичиган штаты техникалық орталығының ғалымы Dan Luria: «Жылдық өнім мөлшері 1 миллион данадан асуы керек» дейді.

Атаулы компания былтыр 18 миллион дана Mac компьютерін сатқан. Мұның 13 миллион 500 мың данасы MacBook. Мұның ішінде тек Mac Pro мен mini-дің ғана сатылым мөлшері миллион данадан төмен. Оның үстіне Mac Pro салмағы ауыр компьютер. Тасу мен жеткізу жағында біраз қолайсыздықтар тудырып отыр. 2013 жылдан бастап бұл компьютер жөніндегі зерттеу осы мәселені шешу тұрғысында болмақ. 

Дайындаған: Алшын МАТАЙ

Сурет: macovod.com

Қ. Қауымбек