Instagram-дағы суреттер Twitter-де жарияланбайтын болды

Instagram-дағы суреттер Twitter-де жарияланбайтын болды

Instagram фотосервисіндегі файлдар бұдан былай Twitter микроблогында көрінбейтін болады. Бұл шешім Instagram сервисінің басшылығымен қабылданды.

Бұл ақпаратты Twitter де, Instagram-ды көктемде миллиард долларға сатып алған Facebook та растады. Енді Twitter қолданушылары тек Instagram-дағы суреттердің сілтемесін беріп қана ақпаратпен бөлісе алады. Айта кетелік, Twitter қолданушыларының галлереясында да "Instagram-дық" фотолар көрінбейтін болады.

Дегенмен Twitter басшылығы болашақта өздерінің жеке фотосервисін ашуды жоспарлап отырғандықтарын айтуда. Айта кетелік, Instagram-ның ерекшелігі - сервис арқылы фотосуреттерді түрлі фильтрлер арқылы өңдеп, желіге жариялау мүмкіндігінің бар екендігі.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: play.google.com