Apple Maps-тағы қателіктің себебінен 4 адам адасып кетті

Apple Maps-тағы қателіктің себебінен 4 адам адасып кетті

Apple Maps сервисіндегі қателіктердің себебінен австралиялық Милдьюра (Mildura) қаласының маңындағы шөл далада 4 адам жоғалып кетті.

Осы себепті полиция қызметкерлері саяхат кезінде Apple Maps-ты жолбасшы ретінде қолданбауды сұрап жатыр. Себебі картада 30 мың адам мекен ететін аталған аймақ өзінің реалда орналасқан орнынан 70 км алшақ жатыр. Мамандардың айтуынша, саяхатшылар жолға шығарда Google немесе Nokia карталарын пайланғандары жөн.

Apple Maps-тағы қателіктердің себебінен қолданушылар адасып сусыз шөл далаға бет бұрып кетіп жатыр. 46 градус ыстық ауа-райы орын алған мекеннен тірі шығудың өзі неғайбыл. Дегенмен адасып кеткен 4 адам дер кезінде табылып, аман қалды.

Естеріңізге сала кетелік, Apple Maps сервисі жаңа iOS 6 платформасында жұмыс істейтін құрылғыларда пайда болған болатын. Дегенмен қолданушылардың көпшілігі қосымшада қателіктердің тым көптігін айтып, арыз берген еді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ©Apple Maps