Facebook жаңа қосымшасын іске қосты

Facebook жаңа қосымшасын іске қосты

Facebook әлеуметтік желісі жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған қосымшаны іске қосты. Тек АҚШ-тықтарға қолжетімді Social Jobs 13 қарашадан бері жұмыс істеп тұр.

Wired-тің хабарлауынша, жаңа мүмкіндік АҚШ-тың еңбек министрлігі мен бірқатар қоғамдық ұйымдардың қолдауымен мүмкін болған.

Social Jobs-тың сайт бетінде пайда болған күні қосымшаға 1,73 миллион бос жұмыс орны енгізілген. Бөлімнің бас бетінде вакансияларды сала бойынша фильтрлеуге мүмкіндік беретін арнайы іздегіш жүйе де бар.

Осы орайда Facebook өкілдері жаңа қосымша АҚШ-тың еңбек нарығына оң өзгерістер әкеледі деп ойлайтындығын жеткізді. Айта кетелік, қосымша жұмысына сонымен қатар қолданушылардың сайттағы іс-қимылдары әсер ететін болады.

Сайттың бұл жүйе арқылы ақша табу ойы бар не жоқтығы туралы ештеңе айтылған жоқ. Бірақ нарық өкілдерінің айтуынша, Фэйсбук осылайша LinkedIn желісіне тікелей бәсекелес болмақ.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: prettypaddedroom.com