Android тұтынушылары жаңа жылсыз қалды

Android тұтынушылары жаңа жылсыз қалды

Android платформасында жұмыс істейтін планшеттердегі "Контакты" қосымшасындағы бір жыл бір айға қысқартылып кеткен.

Ең соңғы операциялық жүйе Android 4.2-де (Jelly Bean) жұмыс істейтін құрылғылардың тұтынушылары аталған қосымшада желтоқсан айының жоқ екендігін айтып, алаңдаушылықтарын білдіруде. Нақтырақ айтсақ Galaxy Nexus смартфоны мен Nexus 7 және 10 планшеттерінің қолданушылары жаңа жыл мерекесінсіз қалды. Айта кетелік, операциялық жүйенің бұрынғы нұсқаларында бұндай қателіктер болмаған.

Платформаны жасап шығарған Google компаниясы қазіргі кезде проблеманы шешудің жолдарын қарастырып жатыр. Ал Android 4.2 қолданушыларына құрылғыдағы "Күнтізбе" қосымшасын пайдалана тұруға тура келеді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: android.googlecode.com