Дизайнерлер пішінін өзгерте алатын ұялы телефон шығаруды ұсынып отыр

Дизайнерлер пішінін өзгерте алатын ұялы телефон шығаруды ұсынып отыр

АҚШ-тың Artecnica компаниясының Юнгкван Чо атты дизайнері қарапайым ұялы телефонды ерекше материалдармен қаптауды ұсынды. Телефон сыртын қаптайтын бұл материал Curious деген атқа ие екен. Ол телефон формасын өзгерту кезінде пайдаланатын қозғалмалы сегменттерден тұрады. 

В спокойном состоянии 

Телефон қалыпты жағдайда

Бұл технология бойынша, телефон кіріс қоңыраулары кезінде әдеттегідей дірілмен қоса дыбыс шығарып, сыртқы көрінісін өзгерте алады. Осылайша ол телефон иесінің назарын тез аударуға мүмкіндік береді. Телефонды бастапқы қалпына келтіру үшін оның корпусындағы батырмаға басып немесе құрылғыны үстел үстіне қойсаңыз жеткілікті. 

При входящем звонке 

Телефон кіріс қоңыраулары кезінде

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: uznayvse.ru