Facebook-те жаңа бөлім пайда болды

Facebook-те жаңа бөлім пайда болды

Facebook қолданушылары бұдан былай жаңалықтар лентасын тек өзі жазылған ұжымдық бетшелерден ғана оқи алады. Бұл мүмкіндікті сервистің жаңа бөлімі Pages Feed ұсынып отыр.

Pages Feed-ке сілтеме Facebook-тың басты бетіндегі сол жақ панельде орналасқан "Страницы" бөлімінде орын тепкен. Айта кетейік, өзіңіздің лентаңызды жаңалықтарды мына сілтемеге өтіп фильтрациядан өткізуіңізге болады: https://www.facebook.com/pages/feed.

Next Web-тің мәліметтеріне сүйенсек, функция бір айдан аса уақыт тестілеуден өткен. Facebook осылайша мұқият тексерулерден соң мүмкіндікті барлық қолданушыларға қолжетімді қылып отыр. Қолданушылар осылайша ұжымдық бетшелердегі жаңалықтарды достарының посттарына алаңдамай, оқи алатын болды.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ubergizmo.com