Жаңа құрылғы ноталарды оқуға мүмкіндік береді

Жаңа құрылғы ноталарды оқуға мүмкіндік береді

Токио Метрополитен университетінің инженерлер тобы қолмен жазылған ноталарды сканерлеп, одан соң оны шынайы дыбысқа айналдыратын құрылғы ойлап тапты. 

Ғалымдар құрылғыны Gocen деп атаған. Құрылғы дыбысы анық шығуы үшін оны бірінші нота кілтіне бағыттап алып, содан соң нотаның өзіне басасыз. 

Gocen "piano" және "guitar" сияқты сөздерді анық ести алады. Сонымен бірге, құрылғы ноталарды кері бағытта да оқи алады. 

 

Құрастырушылардың сөзінше, құрылғы балалар мен музыканы жаңадан үйреніп жүрген адамдарға арналады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет