Үстелден iPhone-ға арналған пернетақта жасауға болады екен

Үстелден iPhone-ға арналған пернетақта жасауға болады екен

Лондон университеті Голдмитс колледжінің студенті Флориан Краеутли iPhone арналған виртуалды пернетақта құрастырып шықты. Студенттің жасаған технологиясы үстел немесе басқа да нәрселерді пернетақта ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Бұл смартфонға жалғанған акселерометр арқасында мүмкін болып отыр. Телефон алдымен үстелдің бетін басқан саусақ дірілінің деңгейін анықтайды. Осылайша, виртуалды пернетақтаға дейінгі қашықтық анықталады.

Автор өз жұмысын Vibrative деп атаған. 

"Vibrative Virtual Keyboard смартфон сенсорларымен жұмыс жасау барысын қолайсыз деп есептейтін адамдарға арналған технология",-дейді Флориан Краеутли. Оның сөзінше, акселерометр жұмысы жақсарса, пернетақтаның дәлдігі де жоғарыламақ. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com


Б. Қосмағамбет