Америкалық жігіт смартфонға арналған газ баллонды қап ойлап тапты

Америкалық жігіт смартфонға арналған газ баллонды қап ойлап тапты

Америкалық жігіт iPhone смартфонға арналған газ баллонды қап ойлап тапты.

Өнертапқыш Скотт МакФерсон өз қызының қауіпсіздігін ойлағандықтан, осындай идеяны өмірге әкелген. Оның айтуынша, қазіргі заманғы қыз балалар далаға киім-кешексіз, қалай болса солай шығуы мүмкін, бірақ телефонсыз шығуы мүмкін емес. Spraytect деп аталған жаңа өнім аса ерекше нәрсе емес. Бұл құрылғы аппаратты жерге құлаудан, соққыдан және сынудан сақтайды, оның артқы жағында арнайы жеке ажыратушы бөлік орналасқан, оған газды баллон нық орнатылады. Баллонды тек ауыстыру үшін ғана емес, әуежайларда жүкке салу үшін де алып тастауға болады.

Spraytect қабының бағасы 40 долларды құрап отыр. Қазіргі таңда бұл тауар әйелдер арасында үлкен сұранысқа ие болып үлгерген. Қосымша баллондарының бір данасы 18 долларға сатылады.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: iphonemarket.com.ua


Б. Қосмағамбет