LG ұсынған қорқынышты лифт (Видео)

LG ұсынған қорқынышты лифт  (Видео)

Адамдар адреналинді шынайы сезіну үшін бастарын түрлі қатерлерге тігіп жататыны бар. Біреулер қатерлі спорт түрімен айналысса, біреулер жай ғана қорқынышты фильм көріп немесе бас айналдырар аттракциондарға отыруды жөн көреді. Уақыт өткен сайын адреналин құмарларының да талабы жоғарылады. Осыған дәлел ретінде жақында мамандар тобының қорқынышты сезімдерге жаны құмар жандар үшін арнайы жасап шығарған лифтісін айтуға болады. 

Жақында бұл қызықты да, қорқынышты жобаны LG компаниясының инженерлері көпшілікке ұсынды. Ол үшін мамандар үлкен бизнес орталықтардың бірінің лифтісіне арнайы жасалған тоғыз монитор орналастырды. Мониторлар бірігіп, тұтас экран бетін құрады. Ал экранда құлап бара жатқан лифт пен лифт шахтасының бөлшектері көрсетіледі.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет:  zhelezyaka.ru

Б. Қосмағамбет