Жоғалған затыңызға қоңырау шалуға болады

Жоғалған затыңызға қоңырау шалуға болады

Енді Gadget Hound құрылғысы арқылы жоғалған заттарыңызға қоңырау шала аласыз.

Жаңа гаджет иттердің мойнына тағылатын құрылғыға ұқсас. "Электрондық іздегіш" портативті сигнал шашыратқыш пен керек затыңызға жабыстырылатын кішкентай қабылдағыштан тұрады. Керекті нәрсеңіз жоғалып қалған жағдайда оны дыбыстық белгі арқылы тауып ала аласыз.

ва

Құрылғы сатылымға осы қыста шығады деп күтілуде. Қазіргі таңда гаджеттің 2 нұсқасы жасалып шықты: төрт және алты қабылдағышты. Gadget Hound-тың жұмыс істеу радиусы 280 метр. Радиосигнал жар мен еденнен оңай өте алатындығын айтып өтелік.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: dom.a42.ru, ru.publika.md