TechJect Dragonfly: инелік-орнитоптер

TechJect Dragonfly: инелік-орнитоптер

Джорджия технологиялық университетінің мамандары TechJect Dragonfly ("Инелік") атты төрт қанатты орнитоптер жасап шығарды. Құрылғының көлемі алақанға сыйып кететіндей етіп шағын жасалған. TechJect Dragonfly квадрокоптер, тікұшақ және ұшатын аппараттардың мүмкіндіктерін қатар сыйғызған. 

Құрылғы ұзындығы - 15 сантиметр. Салмағы - 25 грамм. Аппарат литий-полимерлі 250 mAh аккумуляторымен жабдықталған. 

Dragonfly аспанда 8-10 минут бойы қалқып тұра алады. Ал гибридті режимі 30 минут. Аппарат екі камерамен және 20 датчикпен жабдықталған.

Аппарат 2013 жылдың шілде айында сатылымға шығады деп жоспарланып отыр. Dragonfly бағасы нұсқасына қарай 250 мен 750 доллар аралығында болмақ. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.ru

Б. Қосмағамбет