LG Optimus L9 сатылымға шықты

LG Optimus L9 сатылымға шықты

LG компаниясының жаңа өнімдерінің бірі LG Optimus L9 атты смартфоны сатылымға түсті. Бірінші АҚШ-та, одан соң Еуропада сатыла бастаған смартфон құны 299 еуроны құрайды. Сатып алушыларға смартфонның екі түстегі нұсқасы ұсынылады.  

Стильді және ықшамды смартфон Android Ice Cream Sandwich операциялық жүйесінде жұмыс жасайды. 4,7 дюймды IPS qHD дисплеймен жабдықталған. 2 ядролық микропроцессоры 1 ГГц жиілігінде жұмыс жасайды. Смартфонда екі бірдей камера орналасқан. Артқы негізгі камера жарқылмен жабдықталып, 5 мегапиксельді құрайды. Алдыңғысы VGA-камера деп аталады, түсіру мүмкіндігі де алдыңғысына қарағанда едәуір төмендеу.

Сонымен бірге смартфон 1 Гб оперативті жадқа ие, ал жинақтаушы көлемі 4 Гб. MicroSD форматтағы қосымша жад картасы да бар. Қуат батареясының көлемі 2150 мАч.   

Қазақстандықтарға Optimus L9 смартфонын сату алу желтоқсан айында мүмкін болады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: slashgear.com

Б. Қосмағамбет