Павлодарлық фермер сиырларын спутникпен бағып жүр

Павлодарлық фермер сиырларын спутникпен бағып жүр

Жаңа заман технологиялары енді еліміздегі мал бағушылар ісіне де араласа бастады. Соның бір дәлелі ретінде, павлодарлық фермер Александр Песоцкийді айтуға болады. Ол өз сиырларын бағу үшін жаңа заманғы GPS-құрылғыларын қолдана бастады.

Сиырлардың мойнына тағылатын бұл құрылғылар спутник арқылы ферма иесіне малдардың қай аймақта жайылып жүргендігінен хабар бере алады. Егер малдары белгіленген аймақтан асып кетсе, онда Александрдың ұялы телефонына хабарлама келеді. Ал электрондық поштасына сиырлардың дәл координатасын көрсететін хабар түседі.    

Фермер Александр Песоцкий: "Бұл мен үшін мал ұрлаушылармен күресудің тиімді жолы. Құрылғының көмегі айтарлықтай. Сондықтан сіздерге де сатып алып, мал қауіпсіздігіне қолдануға кеңес беремін",- деді.

Фермердің көршілері де бұл "электронды бағбанға" қызығушылық білдіріп отыр. Фермерлер бұл құрылғы арқылы барымтаның алдын алуға болады деп сенеді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gdemoi.ru

Б. Қосмағамбет