Алтынмен қапталған ұялы телефон

Алтынмен қапталған ұялы телефон

Lamborghini компаниясы тұтынушыларға тағы да тосын сый жасады. Tonino Lamborghini компаниясы сән мен аксессуарлар әлеміне өткен ғасырдың 80 жылдары алғаш рет қадам жасады. 2010 жылдан бастап компанияның арнайы бөлімі Tonino Lamborghini атты телефондарды құрастырып келеді. Ал өткен жылы осы байланыс құралдарының Spyder Supreme Diamond үлгілер қатары жарық көрді. Алтын корпуспен қапталып, салмағы 7,8 карат алмазбен безендірілген ұялы телефондардың 300 данасы ғана шығарылды. Телефонның артқы қақпағы тот баспайтын болаттан құйылып, алигатордың аппақ терісімен қапталған. Құрылғының экраны әдеттегідей шағылмайтын сапфирден жасалған. Lamborghini белгісі - жоғары сапалы алтын. Бағасына келетін болсақ, жоғарыда айтылған нұсқа $37000 долларға бағаланса, салмағы 2,5 жән 5,9 карат тастармен безендірілген үлгілер сәйкесінше $10000 және $16400 тұрады. Осы құрылғылардың артқы қақпақтары алигатордың қара терісімен қапталады.

Форумға кіруді ұмытпаңыз

Сурет luxlux.net сайтынан алынған