Microsoft жаңа Windows 8 операциялық жүйесін сатылымға шығарды

 Microsoft жаңа Windows 8 операциялық жүйесін сатылымға шығарды

Microsoft компаниясы әлемнің 140 еліне өзінің жаңа Windows 8 операциялық жүйесін сата бастады. 

Бұл жүйе 37 тілде шығарылған, сонымен қатар ол Windows 8 және Windows 8 Pro нұсқаларында сатылатын болады. Оның бір ерекшелігі - сенсорлы дисплейлі құрылғыға негізделген. Және де Windows 8 операциялық жүйесінде тышқанның немесе пернетақтаның көмегімен ғана емес, экранға жай саусақтарды тигізу арқылы да жұмыс атқаруға болады.

Оған қоса, компания сенсорлы құрылғымен интернетте жұмыс істеу үшін жаңа Internet Explorer 10 браузерін және планшеттерге қондырылатын Windows 8 RT операциялық жүйесін шығарды. Бүгінгі күні АҚШ-та құны 499 доллар тұратын осы компанияның Microsoft Surface атты жаңа планшеттері сатыла бастады. Ал оның басқа елдерге қашан сатылымға шыға бастайтыны әзірге белгісіз. Қазіргі кезде әлемде Microsoft операциялық жүйесін тұтынушылар саны 1,3 миллиардтан жоғары деп есептелінеді. Үш жылғы кідірістен кейін 2009 жылы Windows 7 Microsoft операциялық жүйесінің өткен нұсқалары шыққан болатын. Ал онымен жұмыс істеу қиын әрі қолайсыз болғандықтан, сатылымы да тым төмен болды. Сондықтан компания мамандары бұл жолғы сатылымнан үлкен үміт күтіп отырғандарын да жасырмады. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: 3dnews.ru

Б. Қосмағамбет