Apple жаңа iPad mini-ді жарыққа шығарды

Apple жаңа iPad mini-ді жарыққа шығарды

Apple компаниясы сейсенбі, 23 қазанда өзінің жаңа iPad mini атты планшетін жарыққа шығарды. Планшет презентациясы онлайн түрде интернетте тарады. 

Планшет 7,9 дюймды экранмен жабдықталған. Ал "үлкен" iPad экраны 9,7 дюймды құраған еді. Дисплей мүмкіндігі - 1024-те 768 нүктелі. Кішкене экранының арқасында iPad mini 163 нүктеге iPad-тан жоғары мүмкіндікке ие. 

iPad mini қалыңдығы - 7,2 миллиметр. Қалыңдығы бойынша  iPad-тан жұқа болып келеді. Салмағы бойынша да жеңіл - 308 грамм. Салыстырмалы түрде iPad-тікі 652 грамм болған еді. 

Планшет екі ядролы Apple A5 процессоры негізінде жұмыс жасайды. Екі бірдей камерасы бар. Олар: 5 мегапиксельді артқы және FaceTime HD атты алдыңғы камералар. Планшет батареямен 10 сағаттай жұмыс істей алады. Аппараттың LTE жүйесіне де қосылуға мүмкіндігі бар. 

iPad сияқты бұл құрылғы да ұялы телефон арқылы және телефонсыз болып екі түрде шығып отыр. Wi-Fi байланысы бар түрлерінің бағасы 329 доллардан басталса, Wi-Fi байланысы бар және ұялы телефонымен бірге түрі 459 доллардан басталады. Планшет әлемдік сатылымға 2 қарашадан бастап шығады.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: ria.ru

Б. Қосмағамбет