Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Шолу / "Адамның қанын ішетін оятқыштар!"

"Адамның қанын ішетін оятқыштар!"

Бәріміз бірдей ұйқыны жақсы көретініміз рас. Алайда, кезек күттірмес істер бар емес пе?! Ендеше, қалай тұрасыз? Уайымға берілмей-ақ қойыңыз? Сізді таңға оятатын оятқыштардың дамыған қаншама түрлері бар.

"Nixie Ramos" винтаждық оятқышы

Аталған оятқыштың өшіретін тетігі жоқ. Алдымен 10 секундтай шырылдайды, содан соң бір минут бойына өшпей тұрып алады. Ұйқыдан тұрып, миыңызды іске қосуға мәжбүр боласыз. Сол күнді (дата) айтып, істен шығарасыз.

Қашатын құлтемір

Бұл оятқыш іске қосылды дегенше, жүгірдім дей беріңіз. Себебі, кішкене құлтемір бөлме ішінде қашып, зықыңызды шығарады.

Ұшатын оятқыш

Іске қосыла салысымен әуеде қалқып, шырылдап тұрып алады. Өшіру үшін жерге түсіресіз. Сонда барып қана істен шығады.

Гантель

Еріншектер үшін нағыз таптырмас дүние. Құрылғыны істен шығару үшін 30 рет жоғары-төмен көтеру керек. 

Жинақ сандықша

Бұл оятқыштар тиын салған кезде ғана шырылдауын тоқтатады.

Нысана

Ережесі қарапайым: лазерлік қару арқылы нысанаға дөп тигізу. Тигізген бойда оятқыш тынышталады.

Оятқышты миналандыру

Оятқыш іске қосылған уақытта сізге бақандай он секунд беріледі. Сол уақыт аралығында істен шығарып үлгеруіңіз тиіс.

Тағы да бір жарылғыш

Өшіру үшін көп сымтемірлердің бірін шығару керек. Ал ондай сымтемірлер көп болады. Және істен шығаратын сымтемірлер күнде ауысып тұрады.

 "Бамп мырза"

Оятқыштарды жиі сындыра беретіндерге арналған. Қабырғаға қанша лақтырсаңыз да сынбайды. Бар пәрменмен лақтыра берсеңіз болады!

"Finger Dance" оятқышы

Оятқышпен ойнаған жағдайда ғана істен шығады.

Кофелік оятқыш

Оятқыштың ішінде тұрған кофенің исі шығып, бөлме ішін алып кетеді. Өкінішке орай, кофе қайнатылмайды.

Көтерілетін шар

Қолдары соғуға жақын тұратын жандар үшін жасалған. Ертеңгілік шырылдағанда жақын тұрғандықтан, бірден ұра саласыз. Алайда, әр соққыдан соң жоғары қарай көтеріле береді. Ең жаманы, бес минут сайын шырылдайды.

Ақылдыларға арналған оятқыш

Бұл оятқышты өшіру үшін тест сұрақтарына жауап беру керек. Сұрақтарға дұрыс жауап бергенде ғана өшеді.

сурет:freshpo.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

1428 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 23 қазан 2012, 08:01
Пікірлер
+0
23 қазан 2012, 08:59

Вамп мырза ұнады :lol:

+0
23 қазан 2012, 09:12

Гантель керемет екен!

+0
23 қазан 2012, 09:27

Оятқыштарға қарызбын, олар болмаса қайтер едім :roll:

+0
23 қазан 2012, 10:25

Уаааааау, күштіііі, осылардан біреуін ап қою керек екен, әйтпесе ұялымның ұйқыдан оятарында тұратын өлеңдерді бірінен кейін бірін жек көріп кетіп жүрмін) :lol: пы сы: баяғыда ұялымда бір қондырғы болған, уақыт болған қораз ойбайға басады, үнін өшіру үшін ішіндегі ойынды жеңу керек-тұғын. Хех, бірақ, ойнап жатып кейде ұйқың ашылады, кейде жеңіп болып қайтадан ұйқыға кірісетінмін :lol:

+0
23 қазан 2012, 10:36

маған біреуі керек екен, бүгін жұмысқа кешігіп келдім, тура 9-15те ояндым. сотканың буделнигінеде оянбайтын қалге келіппін, қатты ұйықтағаным сонша))) "Nixie Ramos" оятқышы керек маған

+0
23 қазан 2012, 11:01

"мина" мен "жарылғыш" оятарлар істен шығарып үлгермесе жарылып кете ме екен шынымен? Күшті ғо, Алматыдан таба алсам алар едім,,, (бағасы қымбат болса әсері де күштірек сияқты ғой..).

+0
23 қазан 2012, 11:30

Маған керек осындай)

+0
23 қазан 2012, 12:02

мина күшті екен.

+0
23 қазан 2012, 12:43

кофелік оятқыш! :)

+0
23 қазан 2012, 14:32

"кашатын култемiр","гантель","френс данс"-арi ояткыш,арi тангы жаттыгу куралы дешиш. :) куштi екен барi,асiресе бамп мырзанын атыда,затыда куштi,кулкiлi,кызык. :D . "Нысананы"алар ем. Каруларды унатамын.

+0
24 қазан 2012, 00:40

бізге нағыз қажет оятқыштар. Маған нысанаға тигізетіні, қаша жөнелетін робот ұнады. Жүгіріп жетем дегенше ұйқың қанады ;)

+0
01 қараша 2012, 22:18

Маған Нысана мен Гантель ұнады ;)

+0
02 қараша 2012, 22:09

Жинақ сандықша
unadi exeeeeeeeeeeexxee raxat tyin jinauga .ari kopilnik ari sagat

+0
25 желтоқсан 2012, 17:31

бәрі де өте жақсы екен! Бұлар қайда сатылады екен???

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...