ТМД елдерінде Samsung Galaxy Note II сатыла бастады

ТМД елдерінде Samsung Galaxy Note II сатыла бастады

Бүгін яғни 2012 жылдың 18-ші қазанында ТМД елдері үшін Samsung Galaxy Note II  түседі.

Galaxy Note II Android 4.1. операциондық жүйесінде жұмыс істейді. Смартфон барлық мультимедиялық контент түрін қолдануға, әртүрлі құжат үлгісінде жұмыс жасауға, бейнетүсірілім және сурет шығаруға немесе таратуға, көпатты ғаламтор-навигациясын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бір қолмен икемді жұмыс істеу үшін қолайлы жасалған.

Бұл құрылғы Samsung Exynos 4 Quad төртядролы процессорын қолданады, әр ядроның жиілігі -1.6 ГГц-қа дейін. Телефонның есте сақтау жады 16 Гбайтта құрылған және оперативті есте сақтау жады 2 Гбайт, 64 Гбайтқа дейінгі көлемде есте сақтау картасы бар.

Екі камерасы негізгі және тұтас кеңейтілген жұмыс режимінде және кез келген 1,9 и 8 мегапиксел матрицасымен түсірілім мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.

Жарық дисплейі 5.5 дюйм диагональда, 1280х720 нүктесіне дейін рұхсат беретін HD Super AMOLED технологиясымен жабдықталған. Дисплей 16 миллион түстерді көрсетеді. Ал Bluetooth 4.0 (LE) секундына 24 Мбит мәлімет жіберу жылдамдығын қамтамасыз етеді. Galaxy Note фирмалық бөлшегі 1024 нүктесімен әсер етуді көрсететін электронды құрал. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: samsung.com

Б. Қосмағамбет