24.KZ телеарнасы "Алма-ТВ" кабельдік желісіне қосылды

24.KZ телеарнасы "Алма-ТВ" кабельдік желісіне қосылды

Тәулік бойы жұмыс жасайтын 24.KZ телеарнасы мен қазақстандық тұңғыш "Бiлiм" оқу-ағарту арнасы "Алма-ТВ" мен iD TV цифрлық телеарналар желісіне қосылды, деп хабарлайды "Хабар" агенттігіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Сонымен бірге, арналарды www.otautv.kz сайтындағы "Интернет-телевидение" бөлімі арқылы online режимде де көруге болады.  

"Алма-ТВ" 24.KZ арнасын өз бастапқы пакет тізіміне 17 қазанда қосты. Осы жағдайға байланысты "Алма-ТВ" АҚ бренд-менеджері Аслан Тілеуленов былай деп хабарлады: "Қазір бұл арнаны "Таң" және "Алматы" арналарының аралығынан табуға болады. Әзірге 24.KZ тек Алматы көрермендері үшін қызмет етуде. Ал қажетті құрылғымен толық қамтылғаннан кейін телеарна қараша айынан бастап, еліміздің барлық көрермендеріне жол тартады".

Digital TV кабельдік операторы да 24.KZ арнасын қарашадан бастап қосуды жоспарлап отыр. Сонымен бірге, қазіргі таңда бұл аталған екі арна Otau TV ұлттық спутниктік жүйесінің абоненттері үшін қызметтерін бастап кетті.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: khabar.kz

Б. Қосмағамбет